29 қар, 2019 сағат 15:03

Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингіндегі жағдайын жақсартты

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде 2019 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша құрама командалар арасында үш орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы айдың қорытындысы бойынша біздің құрама 118-орынға орналасты.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы қарашада Еуропа Чемпионаты – 2020 іріктеу матчында екі рет - Сан-Марино (3:1) және Шотландия (1:3) командаларына қарсы ойнады.

ФИФА рейтингі:

1 (1). Бельгия - 1765;
2 (2). Франция - 1733;
3 (3). Бразилия - 1712;
4 (4). Англия - 1661;
5 (5). Уругвай - 1645;
6 (7). Хорватия - 1642;
7 (6). Португалия - 1639;
8 (8). Испания - 1636;
9 (9). Аргентина - 1623;
10 (10). Колумбия - 1622;
...118 (121). Казахстан - 1155.