#
#
Сенбі 25/01/2020

Футбол: «Тобылдың» бас бапкері тағайындалды

  • 14.12.2019
  • 0
  • 486

Қостанайлық клуб белгілі қазақстандық маман Григорий Бабаянмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Григорий Бабаян мансабын Германияның «Биберах» клубында бастады. Кейін «Алма-Ата» мен «Қайрат» клубтарының намысын қорғады. Маман бапкер ретінде 2005 жылы Алматыға ауысты.

2012 жылы Григорий Бабаян «Астанамен» келісімшартқа отырды. Елордалық командамен бірге ол Қазақстанның бес дүркін чемпионы және Кубоктың екі дүркін жеңімпазы атанды. Ұлттық құрамада тәжірибесі бар.

Ол 2018 маусымды «Астанада» бас бапкер ретінде өткізіп, алтын медальды жеңіп алды. Осыдан кейін ол Премьер-Лиганың үздік жаттықтырушысы деп танылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР