#
#
Сейсенбі 07/04/2020

Футбол: «Қайратқа» ресейлік жартылай қорғаушы келді

  • 26.03.2020
  • 0
  • 69

Футболдан Алматының «Қайрат» командасы құрамына ресейлік жартылай қорғаушы Кирилл Колесниченко қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" команда сайтына сілтеме жасап.

Кирилл Колесниченко 2000 жылдың 31 қаңтарында Ресейдің Волгоград облысының Камышин қаласында дүниеге келген. Он бір жасынан Мәскеудегі «Чертаново» футбол мектебінде тәлім алды. Он бес жасында Ресейдің кәсіпқой футбол лигасында алғашқы ойынын өткізді. Осылайша Ресейде кәсіби деңгейде ойнап жүрген жас футболшы атанды. 2015 жылы Ресейдің 16 жасқа дейінгі құрамасына шақырту алды. Сол елдің Премьер-лигасындағы алғашқы ойынын 2018 жылы Хабаросвк қаласының «СКА-Хабаровск» командасында өткізді. Одан кейін қайтадан «Чертаново» клубына оралып, онда 30 ойында 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. 

«Қайрат» командасының басшылығы Кирилл Колесниченкомен үш жылға келісім-шартқа отырды. 

Қазақстан Премьер-лигасының трансферлік мерзімі 3 сәуірге дейін созылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар