#
#
Жұма 03/04/2020

Футбол: «Қайрат» Ресейдің «Рубин» клубынан басым түсті

  • 19.02.2020
  • 0
  • 148

Алматылық «Қайрат» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Ресейдің «Рубин» (Қазан) командасынан басым түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ойын Түркияның Белек қаласында өтті. Алматылық футболшылар бірінші кезеңде үш гол соқты. Алдымен 14-минутта Абат Айымбетов мергендік танытса, сербиялық қорғаушы Раде Дугалич 16, польшалық жартылай қорғаушы Конрад Вжесиньски 36-минутта есепті үстемелей түсті.

Оған «Рубин» ойыншылары екінші кезеңде екі голмен жауап қайырды. Олардың қатарынан 75-минутта грузин жартылай қорғаушысы Зурико Давиташвили пенальтиден гол соқса, 89-минутта даниялық жартылай қорғаушы Оливер Абильдгор есеп айырмаын қысқартты. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

«Рубин» 2008, 2009 жылдарда Ресей чемпионы атанған. Сондай-ақ, 2003, 2010 жылдарда қола жүлдегер атанды. Қазір олар өз елінің Премьер-лигасында қысқы үзілісте 16 команда арасында 13 орында тұр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар