07 сәу, 2021 сағат 20:10

Футбол: Әлем құрамаларының жаңартылған рейтингі жарияланды

Халықаралық футбол федерациясы қауымдастығы (FIFA) ерлер арасындағы әлем құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жаңартылған нұсқада Қазақстан құрамасы бұрынғысынан екі орынға төмен түсіп, 124-орынға жайғасты. Қазақстандық футзалшылар наурыз айында екі ойын өткізді. 

Алдымен Франциядан 0:2 есебімен жеңіліп, одан кейін Украинамен 1:1 есебімен тең ойнады. 

Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.

Қазақстан құрамасының қарсыластары арасында ең жоғары орында Франция келеді, олар екінші орынға жайғасқан. 

Одан кейінгі орындардағы Украина -24, Финляндия - 55, Босния және Герцоговина - 56 орында тұр. 

Рейтинг басында Бельгия құрамасы келеді. Үздік үштікті Бразилия футболшылары түйіндеп тұр.