09 қаң, 2019 сағат 23:48

«Ақтөбе» футбол командасына жаңа бас бапкер келді

Беларусь маманы Александр Седнев «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Седнев ақтөбелік жанкүйерлерге бұрыннан таныс. Ол өткен маусымда бапкерлер құрамында жұмыс жасаған.

А.Седнев Қазақстанға келгенге дейін «Савит» (Могилев), «Динамо» (Минск), «Белшина» (Бобруйск) және «Днепр»(Могилев) клубтарының тізгінін ұстаған.

Ақтөбеліктер жаңа маусым алдындағы Түркиядағы бірінші оқу-жаттығу жиынын 11-25 қаңтар аралығында өткізеді. Осы кезеңде «Sepsi» (Румыния), «Septemvri» (Болгария), «Siofok»(Венгрия) клубтарымен кездесу жоспарланған.

Жиынға Игорь Трофимец, Жасур Нарзикулов, Мұхамбет Тамабай, Рамиль Нұрмұхаметов, Бағдат Қайыров, Саят Жұмағали, Абат Айымбетов, Ардақ Сәулет, Антон Шурыгин, Рустам Темірхан, Рустам Өксімбаев, Нұрболат Батырханов, Әбілхан Абдукаримов, Есен Жасанов, Әлішер Әжімов, Антон Скворцов, Сырым Әділжанов, Тауыпбек Орналин, Асланбек Кәкімов, Жамбыл Көкеев барады. Оларға Түркияда легионерлер қосылады.

Айта кетейік, 2018 жылғы ел чемпионатында жетінші орынға ие болған «Ақтөбені» бұған дейін ресейлік маман Владимир Муханов жаттықтырып келген болатын.