15 қаз, 2019 сағат 11:48

Францияда сотталған төрт адам түрмеге апара жатқанда қашып кетті

Францияда сотталған төрт адам түрмеге апара жатқан жолда қашып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, қылмыскерлер Марсель қаласында дүйсенбі күні өздерін түрмеге әкетіп бара жатқан арнаулы фургоннан қашып шыққан.

Қолда бар деректерге қарағанда, фургонның ішіндегілер жапа-тармағай шулап, автомобильдің ішкі жағын ұрғылай бастаған. Осы сәтті пайдаланған төрт қылмыскер фургонның артқы есігін ашып, зытып отырған.

Полиция оларды іздестіріп жатыр.