14 қаз, 2016 сағат 09:08

Францияда Абайдың ескерткіш-бюсті ашылды

Францияның Ренн қаласында Абайдың ескерткіш-бюсті ашылды. Бұл туралы дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Францияның Ренн қаласындағы Алматы саябағында Абай атамыздың ескерткіші ашылды. Француздың атақты ақыны Луи Арагон «Біздің французда Абайға тең келер ақын жоқ. Болған емес. Оның шығармалары 19 ғасырдың ең үздік классикасына жатады»  деген екен. Кешке осы шараға байланысты арнайы концерт береміз», - деп жазды әнші парақшасына.