06 мау, 2018 сағат 09:02

Forbes Головкинді табысы көп 100 спортшының тізіміне қосты

Forbes басылымы 2017 жылы ең көп табыс көрген 100 спортшының тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орынды сөзсіз кіші Флойд Мэйвезер иеленді, ол Конор МакГрегормен кездесуде 285 миллион долларды банктік шотына толтырды. Ал, ирландиялық спортшы  99 миллион доллар табыспен төртінші қатарда. Оның 85 миллионы Мейвезермен жұдырықтасу кезінде түскен гонорар.

"Реал Мадрид" шабуылшысы Криштиану Роналдо 108 миллион табыспен үздік үштікті жапты. 

Геннадий Головкиннің табысы 25 миллион долларды құрап, осы тізімде 72-ші орынды иемденген. Ал, оның қарсыласы, мексикалық боксшы Сауль Альварес 44,5 миллион доллармен 15-ші орынға жайғасты.

Тізімге енген жүздіктің жалпы табысы 3 миллиард 800 миллион долларды құрап отыр, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары.

Алғашқы ондық тізімі мынадай:

1. Флойд Мэйуэзер — 285 миллион доллар

2. Лионель Месси — 111 миллион 

3. Криштиану Роналду — 108 миллион

4. Конор Макгрегор — 99 миллион

5. Неймар — 90 миллион 

6. Леброн Джеймс — 85,5 миллион

7. Роджер Федерер — 77,2 миллион

8. Стефен Карри — 76,9 миллион

9. Мэтт Райан — 67,3 миллион

10. Мэтью Стаффорд — 59,5 миллион 

…15. Сауль Альварес – 44.5 миллион

…72. Геннадий Головкин – 25 миллион

Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.