13 қыр, 2019 сағат 12:40

FlyArystan: Келер жылы Ақтөбе - Нұр-Сұлтан рейсі іске қосылады

«FlyArystan» әуе компаниясы 2020 жылы бірқатар жаңа рейстер ашады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбеліктер бірнеше ай бұрын билетке тапсырыс беріп, Қарағанды, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қазақстанның батыс аймақтарына, кейін Мәскеуге ұша алады. Баға да қолжетімді болмақ. Ең тиімдісі - бірнеше ай бұрын жоспарлап сатып алу.

«2020 жылдың сәуір айында Ақтөбеден алғашқы рейс іске қосылады. Алдымен Ақтөбе - Қарағанды бағыты, кейіннен Ақтөбе - Нұр-Сұлтан рейсі болады. Қазақстанның батысындағы қалаларға бару үшін билет - 5 мың теңгеден, Нұр-Сұлтан, Қарағандыға - 7 мың теңгеден басталады. Алдағы уақытта біз Қызылорда, Шымкент, Атырау, Ақтау бағытын қосамыз. Халықаралық рейстің алғашқысы Мәскеуге жоспарланған. Сонымен қатар тізімде Тбилиси, Шарджа, Анталия, Ыстанбұл бар. Ішкі рейстерге алғашқы билет осы жылдың соңында сатылады», - деді «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті әрі бас атқарушы директоры Питер Фостер.

 

Әуе компаниясымен кездесуге облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, жаңа әуе компаниясының сұранысы жоғары болатынына сенім білдірді.