02 қаз, 2018 сағат 16:21

Физика саласындағы Нобель сыйлығы иегерлері белгілі болды

Физика саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығы лазерлік технология саласында "жаңашыл зерттеулер" жүргізген АҚШ, Канада және Франция ғалымдарына берілді.

Швеция ғылым академиясының 2 қазанда хабарлауынша, сыйлыққа америкалық Артур Эшкин, француз Жерард Мору және канадалық ғалым Донна Стрикленд лайықты деп танылды.

Эшкин сыйлықты жарықтың ұсақ бөлшектерге манипуляция жасауына мүмкіндік беретін оптикалық "саусақтар" ойлап тапқаны үшін жеңіп алды.

Лазер сәулесінің "саусақтары" вирус, бактерия және басқа да жанды жасушаларды зақым келтірмей зерттеп, манипуляция жасай алады. Осылайша, жанды ағзалардың тіршілік механизмін зерттеп, бақылауға мүмкіндік туады.

Мору мен Стрикленд бұл салада "желілік жиіліктегі импульс" деген атпен белгілі өте қысқа және жылдам лазерлік импульстерді дамытқан. Бұл зерттеулер өнеркәсіп пен медицинада кең қолданылады.

Донна Стрикленд физика саласында Нобель сыйлығын иеленген үшінші әйел атанып отыр.