09 қар, 2017 сағат 21:18

Фин-угор этномәдени орталығының хореографиялық ансамблі талайды тамсандырды

Павлодар облысы фин-угор этномәдени орталығы 2018 жылғы 15 ақпанда өзінің 3 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде шығармашылық ұжымдарды құру орталықтың зор игілігіне айналды, «Самрұқ» хореографиялық ансамблі онда ерекше орын алады. Неліктен «Самрұқ» аталды?

Біріншіден, халықта «Кемені қалай атасаң – жүзуі сондай болмақ» деген сөз бар. Екіншіден, бүгінде біздің орталықта 9 ұлт өкілі бар, егер ансамбльді осылардың біреуінің тілінде атаса, онда басқаларының көңіліне кірбің түсуі мүмкін. Сондай-ақ, біздің хореографиялық ансамбль фин-угор халқының барлық өкілдерінің билерін билегендіктен және біз барлығымыз көп ұлтты үлкен отбасы Қазақстанның біртұтас шаңырағы астында өмір сүріп жатқандықтан, алтын қанатты құс – Самрұқтың бейнесі біздің жүрегімізге жақын болды.

Осы толық емес үш жыл ішінде Алып құс тек қана облыста шарықтады, тәжірибе жинады, ұлттық би стилистикасын үйренуге көп жұмыс істеді, «өз қанатын» безендірді.     

Ақыр соңында, 2017 жылғы 1-3 қараша аралығында Алматы қаласында «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы XVI республикалық конкурсының қатысушылары болуға мүмкіндік туып, біздің «Самрұқ» «халықтық би» номинациясында орташа және үлкен жас топтарында өнер көрсететін болды. Конкурсқа Астана, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облысынан келген ұжымдар қатысты, олардың басым бөлігі де  «халықтық би» номинациясында өнер көрсетеді екен.

Конкурсты «Ақ көгершін» балалар қорының президенті Тамара Ескенова ашты. Ол барлық қатысушыларға қошемет білдіріп, жоғары білікті қазылар алқасымен таныстырып өтті. Оның құрамына:  Терехова Т.В. - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының «Хореография педагогикасы» кафедрасының доценті; Алишева Алила Тұрсымбайқызы – Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры; Оразымбетов Дамир Дүйсенұлы – режиссер-балетмейстер, Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің магистрі кірді. Т.Ескенова өз сөзінде, 12 жыл ішінде көптеген дарындылар үшін конкурс старт алаңына айналғанын айтты.

«Ақ көгершін» бізге де өзге өңірлерден келген шығармашылық ұжымдарды көруге, «би саласы» бойынша әріптестермен жақындасуға мүмкіндік береді және бастысы, «Самрұқ» ансамблі үшін бастапқы алаңға айналып, ойдағыдай орындауының басы болды.

Сондықтан ортаңғы топ конкурстық бағдарламаға мордва және фин билерін кіргізді. Фин биіне костюм тігу конкурсқа шығу күнінде аяқталды және ол еңбек ақталды. Бидің ғажайып қойылымы, оның орындалу шеберлігі, таң қалдыратын костюмге «оралғандығы» күткен нәтиже берді – 1-ші орын!

Үлкен топ венгр және хант билерін көрсетті. Әр биді орындаудың күрделі техникасы, эмоционалдық құрамы және тағы да әсем костюмдер, нәтижесінде күтпеген, бірақ үміт еткен жүлдеге қол жеткізді – Гран при!

Біз барлығымыз бастан өткізген эмоция мен сезімді бір ауыз сөзбен айтып өту оңай емес. Біз сезімімізге ие бола алмай, айқайладық, жыладық, күлдік.  Біз қуандық, шаттандық.

Өмірдің осындай кезеңі жаныңда жанашырыңның бар екенін сезінуге мүмкіндік береді. Олар сені емеуріннен түсіне қоятын, сондай-ақ өз ісіне жаны ашитын, оған бар күшін салатын адамдар. Бүгінгі жеңіс – бұл біздің хореографтың тынымсыз еңбегінің, дұрысырақ айтқанда, Алматыны жаулап алған өз ісінің шебері, Светлана Алексеев Зубкованың нәтижесі. 

Алматы қаласына келген кезде Достық үйінің базасында «Суоми» карел – фин орталығының төрағасы А.Б.Смирновпен жұмыс бабындағы кездесу өтті, оның шеңберінде бірнеше бірлескен іс-шаралар белгіленді.

Өз әңгімемді аяқтай келе бізге қолдау көрсеткен, бар жанымен біз үшін уайымдап, бізге сәттілік тілеген адамдар туралы айтып өткім келеді. Бұлар Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ, №40 мектеп әкімшілігі, Алматы қаласы «Суоми» карел-фин орталығы. Сіздерге көптен көп рахмет! «Просто Мария» ательесінің ұжымына ерекше алғысымызды білдіреміз. Олардың жоғары шеберлігі бізге жеңіске жетуге көмектесті. Және бүгінгі күні биді сүйетін бүкіл Қазақстан оның баласы туралы білгендігі үшін зор үлес қосқан ата-аналарға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Үйге қайтар жолда пойызда отырып алғашқы жеңіске жеткен, «Самрұқ» хореографиялық ансамблінің қатысушылары халықаралық байқаулардағы жаңа жеңістер туралы армандады.

Армандарыңыздың барлығы орындалсын!

Ольга Николашина