20 қыр, 2018 сағат 13:52

ФИФА рейтингі: Намибия мен Зимбабве Қазақстанның алдына шықты

ФИФА қыркүйектегі халықаралық матчтардың қорытындысы бойынша ұлттық құрамалар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Грузиядан жеңіліп, Андоррамен тең түскен Қазақстан құрамасы өткен рейтингпен салыстырғанда екі орынға төмен түсіп, 118-орынға жайғасты. Қазақстанның алдына Намибия мен Зимбабве шықты.

Үздік ондықтағы өзгерістер: бельгиялықтар француздарды қуып жетіп, енді ФИФА рейтингінде бірден 2 команда көш бастап тұр. Алғашқы үштікті Бразилия құрамасы тұйықтаған.

20 қыркүйектегі ФИФА рейтингі:

1 (2). Бельгия - 1729 ұпай

1 (1). Франция- 1729 

3 (3). Бразилия - 1663 

4 (4). Хорватия - 1634

5 (5). Уругвай - 1632

6 (6). Англия - 1612 

7 (7). Португалия - 1606

8 (8). Швейцария - 1598 

9 (9). Испания - 1597 

10 (11). Дания - 158