13 мау, 2018 сағат 09:53

FIFA-2018: Астана уақыты бойынша ойындардың толық кестесі

Qazaqstan телеарнасы Ресейде футболдан өтетін биылғы Әлем чемпионатының ойындары Астана уақыты бойынша қашан басталатыны туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, футболдан Әлем чемпионаты биыл Ресейде 14 маусым мен 15 шілде аралығында болады. Бір айға созылатын чемпионаттың ойындары 11 қаладағы 12 стадионда өткізіледі. Ресей өз тарихында тұңғыш реті Әлем чемпионатын ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болып отыр.

Қазір футбол жанкүйерлерінің барлығы әлем біріншілігін асыға күтуде. Ертең сағат Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де Ресей мен Сауд Арабиясы командалары арасында чемпионаттың алғашқы ойыны өтпек. Барлық ойынды Qazaqstan және Qazsport арналары көрсетеді.

Айта кетерлігі, футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалы 30 маусым күні, ал қазақстандықтар Астана күнін тойлап жататын 6 шілде күні - ширек финал басталады. Жартылай финал 10-шы және 11-ші шілде күндері, финал 15 шілде күні өтеді.