12 ақп, 2018 сағат 14:22

Facebook "орынсыз пікірлерді тазалау" жүйесін енгізбек

Әйгілі Facebook әлеуметтік желісі жағымсыз пікірлерді жоюға көмектесетін жаңа функцияны іске қоспақ. Дәл қазіргі уақытта компания Downvote батырмасын тестілеуден өткізіп жатыр. Бұл туралы AIN хабарлады.

Оны басу арқылы пайдаланушылар жалпы беттердегі хабарламалар бойынша ескертулер туралы шағым бере алады. Downvote пікірлерге қатысты шағымдардың түймесі. Жаңа функция әуелі АҚШ-та сынақтан өтеді. 

Бұл өз кезегінде пайдаланушыларға жағымсыз және алдамшы пікірлер туралы сигнал берудің оңай тәсілі.

Естеріңізге сала кетейік, Facebook жақында алгоритмін өзгертеді. Бұл туралы компания басшысы Марк Цукерберг өзінің биылғы жариялған мәлімдемесінде айтқан болатын. Енді желіде қаржылық өнімдердің жарнамасы азаюы мүмкін.