#
#
Сенбі 15/12/2018

EXPO-қалашығындағы пәтерлер маусымнан бастап сатылады

  • 02.05.2018
  • 0
  • 1673

2018 жылы 1 маусымнан бастап "Бәйтерек" холдингінің - "Байтерек девелопмент" АҚ еншілес ұйымы Астана қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлерді өткізе бастайды. Пәтерлер мен көлік тұрақтары сатылымға нарық жағдайында шығарылады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" холдингтің сайтына сілтеме жасап. 

"2016 жылы Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақытында шет ел делегациясы қатысушыларының тұруы үшін 42 тұрғын үй салынды. Жылжымайтын мүлік нысандары Ұлттық қор мен жобалау компанияларының инвестициясына салынды. Мемлекеттің тұрғын үйге бөлінген қаржыны қайтару, нарықта жылжымайтын мүлікті сату арқылы болады", - дейді "Бәйтерек девелопмент" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.

ЭКСПО қалашығында көлік тұрағымен пәтерді кез-келген адам өзінің қаржысына немесе "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ екінші деңгейлі банктерден ипотекалық қарыз алу арқылы алады.

Өсербаев ЭКСПО тұрғынжайларын сатудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, өтініш қабылдауды Digital Baiterek онлайн-платформа арқылы жүргізу жоспарланып отырғанын айтты. 

Тұрғын үйдің жайлылығы II классты және таза әрлеуде өткізіледі. Бір бөлмелі пәтердің аумағы 41,3-50,7 шаршы метр; екі бөлмелі - 60,8-75,6 шаршы метр, үш бөлмелі - 85,3-104,9 шаршы метр, төрт бөлмелі - 108,4-123,7 шаршы метр. Жуық арада жылжымайтын нысандардың бағасы тәуелсіз консалтинг компаниясын тартумен анықталатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар