18 шіл, 2019 сағат 15:41

Еуропаның алты мемлекетінде Қазақстанның елшіліктері ашылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Еуропаның алты мемлекетінде Қазақстанның елшіліктері құрылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанның дипломатиялық миссиялары Белград қаласында (Сербия Республикасы), Братислава қаласында (Словак Республикасы), Лиссабон қаласында (Португалия Республикасы), Рига қаласында (Латвия Республикасы), София қаласында (Болгария Республикасы), Таллинн қаласында (Эстония Республикасы) қайта құрылды.