05 қаң, 2017 сағат 10:15

Еуропаға 400 ДАИШ лаңкесі босқын болып кірген

Еуропаға Сириядан ДАИШ лаңкестері соның ішінде террорлық топтың басшылары, албаниялық жиһадшы Лавдрим Мухаджери (Абу Абдулла аль-Косова) босқын болып өтіп кеткен. Бұл туралы РИА Новости Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дереккөз мәліметінше, террористердің көздегені Косоводағы бірнеше мемлекеттік мекемелер мен сербиялық шіркеулерге шабуыл жасауды көздеп отыр деп болжанған. 

2016 жылдың қарашасында Косово мен Албанияда террорлық шабуыл жасауды әзірлеп, ДАИШ-пен байланыста болған 19 адам ұсталған. Олар 12 қарашада өткен Албания - Израиль құрамалары арасында футболдан матч кезінде лаңкестік жасамақшы болған. Осы істің барлығын Лавдрим Мухаджери басқарып отырған. 

Сонымен қатар, италиялық арнайы қызметтердің мәліметінше ,Еуропа мен Балқанға жиһадшылар көптеп келіп жатқан көрінеді. Олардың біразы арнайы қызметтер назарына түсіп ұстасып жатады, алайда көбі шекарадан заңсыз өтіп кетіп жатады. 

Босқындардың жеке басын анықтау мәселесі өте қиын, себебі көбісі өз елінде жарылыстар кезінде құжаттарын жоғалтып алғанын айтады. Босқындар арасында бірнеше рет әр түрлі киім киіп, шашын қысқартып, көзілдірік киіп екі-үш мәрте жәрдемақы алатын алаяқтар көбейіп кеткен. 

kaz.tengrinews.kz