23 мам, 2019 сағат 10:46

ESPN рейтингінде Головкин жетінші орынға сырғыды

ESPN арнасының сайты салмақ санаттарына (pound-for-pound) қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Украиналық Василий Ломаченко бірінші бағандағы орнын сақтап қалған, екінші орында - америкалық Теренс Кроуфорд, көшбасшылар үштігін Мексика өкілі Сауль Альварес түйіндеп тұр.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин екі позициядан айырылып, жетінші орынға сырғыды. ТОП-5-ке енген жапондық Наоя Иноуэ төртінші орынды иеленді.

ESPN нұсқасы бойынша P4P толық рейтінгі келесідей: 

1. Василий Ломаченко (жеңіл салмақ)

2. Теренс Кроуфорд (орта салмақ)

3. Сауль Альварес (орта салмақ)

4. Наоя Иноуэ (аса жеңіл салмақ)

5. Эррол Спенс (орта салмақ)

6. Александр Усик (бірінші ауыр салмақ)

7. Геннадий Головкин (орта салмақ)

8. Майки Гарсия (жеңіл салмақ)

9. Энтони Джошуа (супер ауыр салмақ)

10. Хуан Франсиско Эстрада (екінші жеңіл салмақ).