09 қаз, 2019 сағат 16:41

ESPN Головкиннің келесі қарсыласының есімін атады

ESPN Deportes басылымының бокс сарапшысы Бернардо Пилатти Генннадий Головкин енді кіммен жекпе-жек өткізетінін болжады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Меніңше, Головкиннің келесі қарсыласы - Деметриус Андраде. Ол чемпион әрі DAZN-мен келісімшартқа отырған», - дейді сарапшы.

Еске салайық, 5 қазанда қазақстандық былғары қолғап шебері украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақ санатында IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулын қайтарып алған болатын.