#
#
Cәрсенбі 17/10/2018

Есет Бутин: Halykcoin-ге сенбеңіздер!

  • 04.01.2018
  • 0
  • 1625

Қазақстанның блокчейн және криптовалюталары қауымдастығының төрағасы Есет Бутин "Halykcoin" атты криптовалютаға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында "Halykcoin" атты жоба жайында айтылды. Біз аталған жобаны жан-жақты зерделеп шықтық. Осы жұмысқа қаржыгерлер де, заңгерлер де қатысты. Олардың сараптамасы бойынша Halykcoin - бұл алаяқтардың жобасы. Оны анық айта аламын", - деді Е.Бутин бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.


Ұйым басшысының айтуынша, Halykcoin-ның ресми сайтында аталған жобамен айналысатын мекеменің нақты мекенжайы және тағы басқа мәліметтер жоқ. Сондықтан оны кім және қай жақтан іске асырып жатқаны белгісіз. "Ол жігіттер бір нәрсені жақсы істеді, бұл - Қазақстан азаматтарынан ақша жинау меxанизмі. Сайтты ашып қарасаңыз, ақшаны кез келген әдіспен салып, Halykcoin-дарды сатып алуға болады. Сосын олар xалықтың сеніміне кіру үшін Halyk bank-тің символикасын пайдаланған. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, xалықты Halykcoin-дарды алмауға үндейміз. Себебі оның астарында алаяқтық бар деп санаймыз", - деп атап көрсетті Е.Бутин.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар