23 ақп, 2018 сағат 07:07

Ержан Тәтiшевпен бiрге аңға шыққан оққағарлардың бәрінен жауап алынды

Таразда Тұран Әлем банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi жалғасуда. Бүгiн Ержан Тәтiшев қаза тапқан күнi оқиға орнында болған Тәтiшевтiң оққағары Александр Халиннен жауап алынды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«2002 жылы Тұран Әлем банкiнде күзет қызметi күшейтiлетiн болғандықтан бiздi iрiктеп алды. Бiлуiмше, банк төрағасы Ержан Тәтiшев күзететiн адамдар қажет болған. Менi күзет көлiгiне жүргiзушi ретiнде бекiттi. Оқиға болған күнi мен, Қанат Ахматолла және Сергей Козликин Ержан Тәтiшевтiң үйiне екi көлiкпен келдiк. Ержан Тәтiшев пен Мұратхан Тоқмәдидi алып, аңға шықтық. Бiз жолда ешқандай қару дауысын естiмедiк. (Тәтiшев, Тоқмәди мен Козликин бiр көлiкте отырса, Ахматолла, Халин екiншi көлiкте отырған - авт.) Алда келе жатқан көлiктiң шұңқырға түсiп кете жаздағанын көрдiк. Козликин рациямен хабарласып, бiздi жылдам келiңдер деп шақырды. Бiз келгенде Козликин көлiктiң жанында тұрса, Тоқмәди машинаның жанында тiзерлеп, айғайлап отырды. Ал, қаза тапқан Тәтiшевдiң желке жағының тесiлгенiн байқадым. Артқы орында қару жатты. Ержан Тәтiшев рөлде отырса, Козликин алдыңғы жолаушы орнында отырғанын бiлдiм. Бiраздан кейiн Мұратхан Тоқмәди көлiкке кiрiп, жылы киiнiп шықты. Одан кейiн полиция қызметкерлерi келдi», - дедi Халин.

Прокурор Iлияс Есқалиев куәгерден Тұран Әлем банкiнiң төрағасы Ержан Тәтiшевтiң күзетiнiң күшейтiлу себебiн сұрады. Куәгердiң айтуынша, бұған Тәтiшевтiң өмiрiне бiрнеше рет қастандық жасалғаны себеп болған екен. Ал, Александр Халин 2002-2004 жылдар аралығында Тәтiшевтiң күзетшiсi қызметiн атқарған.

Бұған дейiн Ержан Тәтiшев қаза болған кезде онымен бiр көлiкте отырған Сергей Козликин мен бiрге аңға шыққан Қанат Ахматолладан жауап алынған едi. Олардың екеуi де Ержан Тәтiшевтiң оққағары болған.

Сондай-ақ, 20 ақпан күнгi сот отырысында Тұран Әлем банкiнiң бұрынғы қызметкерi Вероника Ефимова 2005 жылы күзде Мұхтар Әбләзовтен 2 млн доллар қолма-қол ақша дайындау туралы тапсырма келгенiн айтқан едi. Бүгiн валюта айырбастаумен айналысатын «Астана Индекс» ЖШС кассирi Елена Тутиктен жауап алынып, ол Ефимованың сөздерiн растады. Елена Тутик Асхат пен Талғат Сейітовтер (Асхат Сейiтов - «Астана Индекс» ЖШС басшысы-авт.) Мұхтар Әбләзов үшiн 2 млн доллар дайындағанын айтты.

«Бұл үлкен сома болғандықтан бiз оны қаладағы айырбастау пунктерi мен банктерден сатып алдық. Бүкiл ақшаны бiр апта немесе шамамен он күндей жинадық. Асхат Сейiтов әңгiмелерiнiң бiрiнде бұл сома Мұхтар Әбләзовке арналғанын айтқаны есiмде», - дейдi Елена Тутик.

Атап өтсек, Таразда Тұран Әлем банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi өтiп жатыр. Осылайша, 14 жыл бұрынғы қылмыс қайта тексерiлуде. Ал, 11 жыл бұрын бизнесмен Тоқмәди дәл осы қылмысы үшiн жазадан сытылып кеткен болатын. Сол кезде қылмыс абайсызда жасалды делiнген едi.

2017 жылғы 12 маусымда Алматыдағы арнайы операция барысында «ҚазСтройСтекло» ЖШС бас директорының кеңесшiсi Мұратхан Тоқмәди ұсталды. Бизнесмен «Iрi көлемдегi мүлiкке ие болу мақсатында бопсалау» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдiкпен құрықталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

2017 жылдың қазанында КТК арнасынан көрсетiлген фильмде Тоқмәди Ержан Тәтiшевтi өлтiргенiн мойындап, банкирдiң көзiн Мұхтар Әбләзовтың тапсырысымен жойғанын айтты. Сондай-ақ, Әбләзовтен Тәтiшевтi өлтiру үшiн 2 траншпен 4 млн доллар көлемiнде сыйақы алғанын да жасырмады. Осылайша, Мұхтар Әбләзов Ержан Тәтiшевтiң өлiмiнен кейiн Тұран Әлем банкiнiң басшылығына келген. 2018 жылғы 16 ақпанда Жамбыл облыстық сотында Тоқмәдиден жауап алынып, ол осы айтқандарын растады.