19 мау, 2019 сағат 12:48

Ержан Максимнің жеке концертіне билеттер толығымен сатылып кетті

28 маусымда елорда тұрғындары жас дарын Ержан Максимнің айрықша шоу-концертін тамашалайды. Концерт билеттері қысқа мерзімде толығымен сатылып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Еске сала кетейік, министрлік елорда күніне орай «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы Ержан Максимнің алғашқы дебюттік концертін дайындап жатыр.

Бүгінде Ержан бұл іске үлкен жауапкершілікпен дайындалуға кірісті. Қазіргі таңда жас дарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлықпан Жолдасов және Ренат Гайсин сынды композиторлармен композициялар жазу үстінде.  

Ержанның репертуарындағы тұңғыш авторлық әндерді жеке концертке келген көрермен алғашқылардың бірі болып тыңдай алады.