#
#
Жексенбі 26/05/2019

Ержан Максим «Жас Өркен» байқауының сыйлығымен марапатталады

  • 13.05.2019
  • 0
  • 174

Ержан Максим Бірінші Республикалық "Жас Өркен" балалар байқауының сыйлығымен марапатталады. Бұл туралы «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ Фейсбуктегі парақшасында хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, Ержан Максим Бірінші Республикалық "Жас Өркен" балалар конкурсының құрмет сыйлығымен ("Признание года"!) марапатталады. Бұған азаматтық қоғам белсенділері жас дарынымызды осы марапатқа ұсынған соң қол жеткізіп отырмыз. Айтпақшы, Ержан 2019 жылғы 23 мамырда Қостанайда өтетін марапаттау рәсімінде ән шырқап беруге сөз берді» делінген хабарламада.

Биыл Мәскеудегі «Голос. Дети» байқауында екінші орын алған Ержан Максим осы байқаудан соң көпшілікке кеңінен танылды. Тіпті, бұл додада көптеген ресейліктер қазақстандық жас өнерпазға жанкүйер болды.

Осы байқаудан соң, әншіні ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қабылдап, оған елордадағы «Шабыт» өнер академиясы жанынан грант бөлінетіндігін жеткізген еді. 

Айта кетейік, "Жас Өркен" сыйлығы «Жас зерттеуші», «Жас дарын», «Жас толағай», «Жас патриот», «Жас эколог», «Жас қанат», «Жас биші», «Жас қалам», «Жас блогер», «Үздік ерікті» «Жас ақын», «Жас суретші», «Жас музыкант» номинациялары бойынша өз қатарынан озып шыққан балаларға беріледі.   

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар