05 қыр, 2019 сағат 12:10

Ержан Максим отбасымен Мәскеуге көшкелі жатыр

 

Әнші Ержан Максим отбасымен Мәскеуге көшкелі жатыр. Бұл туралы оның анасы Гүлмира Әлібек мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Г. Әлібектің айтуынша, ұлы Ержан бес жыл бойы Игорь Крутойдың академиясында оқиды.

«Осы мерзімге біз де Мәскеуде тұратын боламыз. Бұйырса, бүгін түнде ұшамыз. Ержан академиямен қатар орта мектептегі сабағын жалғастыратын болады. Қазір ол Евровидение байқауына дайындалып жатыр», деді Гүлмира Әлібек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ержан Максимнің «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысатынын жазған болатынбыз.