15 ақп, 2017 сағат 17:54

Ержан Қазыханов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды

Ержан Қазыханов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландиядағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды" делінген Ақорданың хабарламасында.