05 ақп, 2018 сағат 12:34

Ертіс бетінде мұнай дағы пайда болды

Ертіс өзенінің бетінде мұнай дағының пайда болу себебін құзырлы органдар анықтауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға өткен аптаның жұмасында болған. Экологиялық қауіпсіздік орталығына Ертістің бетінде жанармай дағы пайда болғаны туралы дабыл түседі. Сол күні аталмыш орталық мамандары мен экология департаментінің өкілдері оқиға басына барып, судың бетінен сынамалар алған болатын. Жүргізген талдаулар судың құрамындағы мұнайдың үлесі мөлшерден 60 есе артқанын көрсеткен. Ағыстың сәл жоғары бөлігінде мұнайдың судағы үлесі 14 есе көп екені белгілі болды.