#
#
Cәрсенбі 17/10/2018

Ертең Шымкентте Сенат депутаттарының сайлауы өтеді

  • 04.10.2018
  • 0
  • 256

5 қазанда Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде аяқталды. Оған сәйкес 9 кандидат ұсынылып, олардың 8-і тіркелген. Үміткерлер қатарында «Банк ЦентрКредит» АҚ Шымкент қалалық филиалының басқарма бастығы Серік Алданов, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Бекназаров , уақытша жұмыссыз Владимир Доронин, «Global A» ЖШС директоры Бижан Жылкелдиев, «Манкент шипажайы» АҚ бас директорының орынбасары Ғани Қарабеков, Түркістан облысының Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағының төрағасы Ғалымжан Майқанов, уақытша жұмыссыз Дархан Сатыбалды және «Шымкент-сауда» ЖШС директоры Асқарбек Үркімбаев бар. 

Сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізіледі. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР