25 қаң, 2021 сағат 10:22

Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. 

«Ертең, яғни 26 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ» деп жазды Берік Уәли. 

Аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.