09 қаң, 2017 сағат 08:50

Ертай Нүсіпжанов. Мұғалімдерді сөге бермей, сөзін сөйлейік

Қазір ғой, мұғалім оқушыға қол көтерсе болды, оны соттауға дейін барамыз. Ал кезінде, талайымыз-ақ сол тəрбиенің таяғын жеп өстік. Біздің сыныптағы сотқар балалар қазір бір-бір үйдің бала тəрбиелеп отырған отағасы, үлкен қызметте отыр.

Мұғалімнің таяғынан түзелмесе, одан жаман боп кеткен ешкім жоқ. Оны олардың əрқайсысы мойындайды. Тіпті сол мұғалімдерді көрген сайын өткенді жылылықпен естеріне алып, оларға алғыстарын айтады. Бекерден-бекер тоқпақтай жөнелетіндей одарда "тауықтың миындай ми жоқ қой" дейсіз бе? Немесе соларды мұғалім етіп сайлаған адамдар ақымақ па? Əйтпесе, боқмұрындармен жағаласып жүретіндей қазір іш пысатын заман ба? "Аюға намаз үйреткен - таяқ!" Қазіргі балалардың адам шошырлық қылығы бастан асады!!! Қорқынышты заманды бастан кешіп жүргеніміз бəрімізге белгілі. Тəртібін таяқ қана түзейтін оқушы ғана емес-ау, айналамызда кейбір ересек адамдар да жүр ғой?! Мұғалімдерді сөге бермей, сөзін де сөйлейтін кезіміз болу керек деп ойлаймын. Мықты болсақ неге біздер мұғалім болмадық?...

Ертай Нүсіпжановтың фэйсбуктағы жазбасынан