02 мам, 2017 сағат 10:52

Ермекбаев: Сақалдылар мен қысқа балақтылар бөтен елдің өкілдері сияқты

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, дәл қазір қазақстандықтардың киім-киісіне нақты шектеу қоюға болмайды. Алайда болашақта нақты бір шешімнің қабылданатынына сенім білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Елбасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездескенде анық айтты, сақал, қысқа балақ пен қара орамал - ол кез келген киім емес. Мемлекет басшысы айтқандай, бізде киім тігуге бостандық бар, ол бостандыққа әрбір азамат ие. Сонымен қатар, әдейілеп тұрып, діни сипаттағы киім киіп, өздерін қоғамнан оқшау ұстауға тырысып жүргендер арасында алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Өйткені олар бізге, Қазақстан xалқына, қазақ xалқына да жат киімдерді киіп, қазақ xалқының өкілдері емес, бөтен елдердің өкілдері сияқты көрінеді. Өздеріңіз жақсы білесіздер, басқа елдерде, мысалы Таяу Шығыста жергілікті азаматтарға да, басқа жақтан келетін туристерге де киім жағынан бірқатар талаптар қойылады. Ал біз өзіміздің қазақ xалқына тән киімдерімізді және қазіргі заманауи киімдерді киіп жүреміз. Сондықтан бұл мәселе өте өзекті әрі нәзік. Сондықтан оны жан-жақты зерттеп, салиқалы бір шешімге келеміз деп ойлаймын", - деді Ермекбаев.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxатында. Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы таныстырылды.