#
#
Жексенбі 24/03/2019

Ермек Тұрсынов: «Егер Баян жазушыға айналса, онда мен - архиепископпын»

  • 11.01.2019
  • 0
  • 5704

Белгілі кинорежиссер Ермек Тұрсынов отандық киноөнімдерді сынға алды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Ермек Тұрсынов өз жазбасында бүгінгі отандық кинотуындылардың жай-күйіне тоқталды.

«Барлық шоу-бизнес өкілдері кино әлеміне келіп жатыр. Кешегі КВН ойыншылары мен басқа да медиа жұлдыздар бүгінде жыл сайын кино түсіріп, жарыса тұсаукесер жасайтын болған. Бір туындының ізін суытпай, артынша жаңа фильмнің афишасы шығып жатады. Отандық телеөнімнің саны артқаны әрине, жақсы. Алайда кино әлемі ойын алаңы емес. «Өкініш», «Сиситай», «Той любой ценой», «Жена не стена», «Брат или брак», «Ұлы дала комедиясы», «Гламур для дур» секілді көптеген фильмдерді нағыз фильм деуге келмейді», делінген жазбада.

Сондай-ақ ол әдебиет саласындағы олқылықтарды да атап өтті.


«Медиа жұлдыздар кино түсірумен ғана емес, кітап жазумен де айналысатын болған. Мысалы Алматыда өткен кітап фестивалінде әдебиет саласындағы бас сыйлықты Баян Алагөзова алды. Баян егер жазушыға айналса, мен онда өзімді архиепископ дер едім. Қоғам ішінде мұндай құбылыс орнатқандар көп. Қайрат Нұртас, Бүркіт, Нұртас Адамбай, Төреғали Төреәлі, Сиви Махмуди секілді бір топ жұлдыздар шығармашылық әлемді бизнес, сауда орталығына айналдырды», деді ол.

Сонымен қатар ол фильмді кассадан қыруар қаржы жинау үшін емес, қоғамға ой салу үшін түсіру қажет екенін айтады.

«Кино әлемінен маркетингті көрудің қажеті жоқ. Ол өзінше бөлек шығармашылық пен биік мәдениеттің белгісі. Сондықтан да шынайы дүниені әдемі етіп көрсету керек. Біздің нағыз қаһармандар көп жағдайда кадр сыртында қалып қояды. Мысалы қаншама адамның өміріне араша болған кардиохирург Юрий Пя, 2016 жылы апатты жағдайда 116 жолаушысы бар ұшақты сәтті қондырған Дмитрий Родин секілді арамыздағы талантты жандар жайында фильм түсірілсе, көрермені көп болар еді. Телеарналардан ешкімге қажеті жоқ жұлдыздардың өмірін үлгі етуді доғару қажет», делінген жазбада.

"Егемен Қазақстан"

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар