10 шіл, 2019 сағат 17:36

Ермек Аманшаев Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болды

Ермек Аманшаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

5 жылдан астам уақыт елорда әкімінің орынбасары болып қызмет еткен Ермек Әмірханұлы осы жылдың ақпан айынан ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болды. 

Мәдениет вице-министрі және «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» АҚ президенті болған тұста Е. Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты.   

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.