22 там, 2016 сағат 10:37

Ермегияевтен кейін ЭКСПО-2017-ні қалпына келтіру қолдан келді ме?

Қазақстан Expo-2017 көремесін өткізу мәртебесіне 2012 жылы қараша айының аяғында ие болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш көрменің ел экономикасын дамытуды жаңа кезеңге шығарып, технологиялық артта қалуды еңсеруіне және энергияның эклологиялық көздерін пайдалануға көшуіне үлкен серпін беретінін атап өтті. Аталған мәселелерді болашақта жүзеге асыру үшін жасалып жатқан іс-әрекеттер аз да болса өз нәтижесін беруде.

Алайда көрмені ұйымдастыруға кеткен шығын көлемінің тұрақты түрде артуы көпшілік пен сыбайлас жемқорлықпен күрес мекемесінің назарын аудартты. 2015 жылдың маусым айында басқарма басшысы Талғат Ермегияев үй қамауына алынған болатын. Сотқа дейінгі зерттеу нәтижиесі жемқорлық қылмысына 24 адам қатысып, мемлекет бюджетіне 10 млрд теңгедей шығын әкелгенін көрсетті. Басқарма басшысы қамауға алынғанан кейін Назарбев шараны ұйымдастыру мәселелерін сынға алды. Елбасы Қазақстан әлі де бірде-бір елмен көрмеге қатысу жөнінде келісім-шартқа отырмағанын және жергілікті мердігерлердің ауқымды жобадан тыс қалуының басты себебі ұлттық компанияның басқару  жүйесінің дұрыс құрылмауында екенін нақты көрсетті.

Мемлекет басшысы тамыз айында жеті жыл Алматы қаласы әкімі қызметінде болған Ахметжан Есімовты «Астана ЭКСПО-2017» басқарма басшысы етіп тағайындады. Бұл шешімді жоғары қызметтегі шенеуніктер талқыға салмады. Сарапшылар келесі жылдың жаз айында өтетін шараны ойдағыдай ұйымдастыра алатын, қиын жағдайда тұрған жобаға жақсы менеджер бола алатын адам керектігін алға тартты.

Халықаралық көрмелер бюросының басшысы компания төрағасының өзгеруіне алаңдаушылық білдірген еді, алайда Назарбаевпен болған кездесуден кейін Қазақстанның көрмені ұйымдастыру ісіне бар күшін салатынына сенімді болды.

Есімов компания басшылығы орынтағына отырғанан кейін ЭКСПО құрылыс нысандарының құны 22 млрд теңгеге қысқарғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, компанияның құрылымын қайта жасақтап, қажетсіз деп танылған һәм бір біріне ұқсас департаменттерді таратып, басқарма басшыларының да санын азайтты.

Есімовтың мәлімдеуінше, бұл қадам арқылы қордағы жылдық жалақы 150 млн теңгеге қысқартылды. Қарашада ұлттық компания басқармасы шығынды 56 млрд теңгеге қысқартып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткен басты мәселелердің бірі - қазақстандық өнім сапасының төмендігінің шешімін табуға көңіл бөлді.

Компания 10 аймақтағы отандық 220 кәсіпорынмен бірлесе жұмыс жасап, олардың тапсырыс көлемін 30 млрд теңгеге ұлғайтты.

Басшылықтың ауысқанына жыл өткенен кейін компания ұсынған қорытынды есеп бойынша, мемлекет қаржысы 131 млрд теңге оңтайланып, архитектура сапасы мен функционалға ешқандай шығын келтірілмеді.

Компания шетелдік және жергілікті кәсіпорындармен 100 млн. еуро сомасындағы келісім-шарттар мен меморандумдарға қол қойған. Сонымен қатар, елге 244 млрд теңге инвестиция тартқан. Жоспарға сәйкес 18 халықаралық ұйымнан бөлек, 100 елдің 98-і көрмеге қатысатындарын растаған.  Инвестициялық жобалардың іске қосылуымен 5300 жұмыс орыны ашылды. Көрмені ұйымдастыруға тура және жанама 46 мың адам тартылды. Онымен қоса, компания 283 отандық кәсіпорынмен байланыс орнатып, олармен 41,7 млрд теңгеге келісім жасады.

Саясаткер Эдуард Полетаев “Ұлттық компанияның басқарушы құрамының өзгеруі көрме дайындығына оң әсерін тигізді” деп есептейді. Оның ойынша, көрме қазір саяси әлемнің басты назарында.

«Ұлттық компания жұмысының ілгерілеп, бұрынғы басқарушылары тұсындағы дәрежесінің жақсара түсуі кездейсоқтық емес. Үлкен өзгерістер Ахметжан Есімовтың келуімен басталды», - дейді ол.

Ал, саясаткер Марат Шибұтовтың айтуы бойынша, ЭКСПО-ның жаңа құрамы бұрынғысынан екі есе артық жұмыс жасап, кешегі олқылықтардың орнын толтыруда. Оның ойынша, Ұлттық компанияның жаңа менеджменті ұшыраған басқарудағы негізгі қиындықтар жергілікті мердігер ұйымдардың көбеюінен болған. Одан өзге – уақытында дұрыс игерілмеген қаражатты үнеммен пайдалану да өз қиындығын тигізіп отыр.

Полетаев “Ермегияев ісі”-нен соң - қоғамның әр нәрсеге сенімсіздікпен һәм сын көзбен қарайтын бөлігі жобаның табысқа жетеріне одан бетер күмәндана түскенімен, көп ұтыла қоймады деп есептейді. Өйткені жоба ел ішінде ғана беделіне аздаған нұқсан келтіріп алды. Ал оған негізінен сыртқы шетел инвесторларының қомақты қаржысы тартылғанын ескерер болсақ, жағдай – бірқалыпты. «Осы тұрғыдан қарасақ, «Ермегияев ісі» шетелдік БАҚ-та талқыға түсіп, ЭКСПО мәселесі үлкен резонанс тудырмады», - дейді ол.

Онымен қоса, Марат Шибұтовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары 2-3 айға кешеуілдеуі мүмкін. Өйткені Ермегиявтың сотының ұзаққа созылуына байланысты компанияда біраз уақыт бойы менеджмент жүйесі толыққанды жұмыс жасамаған. Ол: « Жалпы алғанда, қаржы жағын қалыпқа келтіріп, әлі де пайда көруге болады. Себебі құрылыс нысандары компания қарамағында қала береді және демеушілерден ақша түсіп, кейбір инвестициялардың көмегі болады», - дейді.

Полетаев болса, жоба имиджіне әлі де көп көңіл бөлу қажет. Мұндағы абыройға нұқсан келтірмейтін ең негізгі құрал – ол барлық ұйымдастыру шарасын ретке келтіріп, жұмыстарды уақытында аяқтау. «Көрменің басталуы жақындаған сайын бұрын аса байқала қоймаған олқылықтарға көз түсіп жатыр. Билет сату жүйесін іске қосқанда, оның ресейлік ұйымға қатысы бар екенін анықталды. Бұл да лезде сынға ұшырап, шу тудырды», - дейді ол. Дегенмен дайындықтың қазіргі екпінін ол жақсы деп есептейді. Полетаев: «Көрмеге жоғары жақтың көңілі ауып, іс шапшаңдай түскен соң көп құлазудың қажеті жоқ. Барлығы өз уақытында аяқталып, аса үлкен кемшіліктер бола қоймайды деген үміт басым» деп, өз ойын нақтылай түсті.

Дмитрий Мазоренко, Vласть

Ұлт порталы