30 жел, 2016 сағат 14:56

Ерлан Ыдырысов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Мемлекет басшысы кездесу барысында жаңа Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановты таныстырды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Е.Ыдырысовтың Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалғанын айтып, оған ведомство басшысы қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті дағдарыс құбылыстары мен өзгерген жаһандық ахуал жағдайында Сыртқы істер министрлігі алдында жаңа көзқарасты талап ететін көптеген жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті.

– Қазақстан 1 қаңтардан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына кіріседі. Осы құрылымға тұрақты емес мүше болып сайлану – әлемдік қоғамдастықтың біздің елімізге деген құрметінің айғағы. Бұл – ядролық қарусыз әлем қалыптастыру жолындағы қозғалыс саласындағы және күн тәртібіндегі өзге де халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның жаһандық көшбасшылығын талап ететін жауапты міндет, – деді Мемлекет басшысы.