20 нау, 2017 сағат 20:46

«Сал серінің сарқыты ол кешегі...»

2017 жылдың 9 жұлдызында, сағ 17:00-де Алматы қаласында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында әнші, композитор, өнертанушы, киногер Ерлан Төлеутайдың «Сал серінің сарқыты ол кешегі...» атты шығармашылық кеші өтеді.

Кештің басты мақсаты – ұлтымыздың ұлы музыкасын ұлықтау.

«Кеш сал серілік өнерге, солардың ұлы рухына арналады. Біржан сал бастаған ұлы сал-серілердің өмірі мен өнерін паш етемін. Олар сүйген сұлуларға, сал серілердің басынан өткен махаббат баяндарына,  сүйініш-күйініштеріне, тағдыр трагедияларына тоқталамын. Жалпы алғанда, сал-серінің өнер ұлықтаймын.

Көптеген əндер шығардым. Сол əндерім орындалады. Көбісі алғаш рет үлкен сахнада орындалмақ», - дейді сан қырлы талант иесі Ерлан Төлеутай.

Ерлан Төлеутай қазақ ақындарының көптеген өлеңдеріне ән шығарған. Әсіресе, әнші Мақпал Жүнісова орындайтын «Япырай» (сөзі Мұқағалидыкі) және әнші Меруерт Түсіпбаева айтатын «Сен және Мен» (сөзі Жанат Әскербекқызыныкі) әндерін әнсүйер қауым жылы қабылдады. Абайдың, Шәкәрімнің, Мұқағалидың, Жұматай Жақыпбаев, Еркеш Ибраһим, Қайырбек Асанов, Марфуға Айтхожина, Тұрсын Жұмаш, Жанат Әскербекқызы, Қайрат Асқаров, қырғыз ақыны Әкбар Рысқұловтың өлеңдеріне жазылған көптеген әндердің авторы. Композитордың көптеген әндері тұңғыш рет үлкен сахнаға жол тартқалы отыр.

Қатысатын әншілер:

Еркін Шүкіманов

Меруерт Түсіпбаева

Ерлан Құжиманов

Сейіл Аяғанов

Роза Әлқожа

Дулат Ақанов

Евгений Шагаров

Ұйымдастыру алқасы:

Досхан Жолжақсынов

Тоқтар Әубәкіров

Жарқын Шәкәрім

Болат Әбділман

Ахметбек Нұрсила

Дидар Амантай

Ғани Бейсембай

Рүстем Әбдіраш

Бейсен Құранбек

Серіктестер:

«Бизнес-Бастау» жастар кәсіпкерлігін қолдау орталығы

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі

«Ұлы дала көшпенділері» халықаралық қоры

«ДалаРух» қоғамдық ұйымы 

Ұлт порталы