05 жел, 2019 сағат 13:45

Ерлан Қарин Президенттің маңызды сапарлары туралы айтты

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарттың Тоқаевтың шетелдік сапарларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін ҚР Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары басталып жатыр. Мемлекет басшысы лауазымына кіріскелі бұл - осымен шетел мемлекетіне бесінші сапары, оның ішінде үшеуі Мемлекеттік сапар мәртебесіне (Өзбекстан, ҚХР, Қырғызстан) ие болды. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келген 13 шетел көшбасшысын және делегация өкілдерін қабылдады», - деді Е. Қарин Telegram парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, осы аралықта Мемлекет басшысы 9 халықаралық форум мен саммитке қатысты.

Сонымен қатар, сапарлар мен түрлі шараларға қатысу барысында Президент өзге де елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, шетелдік саяси қайраткерлермен, бизнес компаниялар басқарушыларымен, елшілермен және басқа да өкілдермен жалпы 64 кездесу мен келіссөз жүргізді.

«Жалпы Президенттің ішкі және сыртқы саяси жұмыс кестесі өте мазмұнды әрі маңызды», - деп атап өтті.

ҚР Президентінің кеңесшісі. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.