13 ақп, 2017 сағат 12:48

Ердоған: Түркия армиясы Сирияның Әл-Баб қаласын алды

Түркия армиясы мен оның одақтастары "Ислам мемлекеті" экстремистік топтың бақылауында болған Сирияның Әл-Баб қаласын алды. Бұл жөнінде Түркия президенті Режеп Ердоған мәлімдеді.

Түрік лидерінің сөздерінше, Әл-Баб барлық тараптан қоршалған, радикалды исламшылар қаладан кетіп жатыр. Бірақ қаланы толық басып алу уақыттың еншісінде дейді президент.

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, түрік әскері исламшылар пайдаланған жерасты жолдарын бұзған.

Сирияның Әл-Баб қаласы Түркия шекарасынан 30 шақырымда орналасқан. Өткен жылдың тамыз айының аяғында Анкара радикалды исламшыларға қарсы "Евфрат шииттері" операциясын бастаған.