08 там, 2017 сағат 17:03

Ердоған Қазақстанға келмекші

Қазақстан Президенті Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың болашағын талқылап, халықаралық маңызы бар бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Түркия президенті ресми түрде Қазақстанға келгісі келетінін, сондай-ақ, алдағы Астанада өтетін саммитке қатысқысы келетінін айтты", -делінген хабарламада.