#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Энергетика министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

  • 20.01.2020
  • 0
  • 174

Энергетика министрлігінің ресми өкілі болып Серікжан Ерментаев тағайындалды, – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«17 қаңтардан бастап министрдің кеңесшісі - Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметіне Серікжан Ерментаев келді», - делінген хабарламада.

Серікжан Ерментаевтың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыста тәжірибесі бар. Квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда болған. Бұған дейін Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметін басқарған.

Бұған дейінгі ресми өкіл - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбек президенттік кадрлар резервіне кіріп, басқа жұмысқа ауысып жатыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар