11 сәу, 2018 сағат 09:56

Еңбекақысын сұраған қарияны аяусыз сабаған (Видео)

66 жастағы қария жұмыс берушісінен еңбекақысын сұраған сәтте ауыр соққыға жығылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Mirror басылымына сілтеме жасап. Жұмыс беруші жігіт досымен бірге қарияға жабылып, соққыға жыққаны видеоға түсіп қалған. Оқиға Румынияның Брашова қаласында болған. 

Егде жастағы адам ауруханаға ес-түссіз жеткізілген. Оқиға салдарынан оның мұрны және бірнеше тісі сынған. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Думитру оқиғаның неден басталғанын айтып берді. 

"Мен оның қоластында жұмыс істейтінмін. Қартайсам да, ақша табуым керек. Маған қарыз ақшаны сұрағанымда, мені соқыға жықты. Қорғануға тырыстым, бірақ, қолымнан келмеді. Тым кәрімін, қауқарым қалмады", - дейді қария. 

Қазіргі таңда қарияны соққыға жыққан екі адамды полиция ұстады, ал Думитру Брашова тұрғындары жинаған қаржыға емделіп жатыр.