#
#
Сейсенбі 24/09/2019

Еңбек министрі зейнетақы жинағына үй сатып алу ұсынысына пікір білдірді

  • 10.09.2019
  • 0
  • 179

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсау ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта алдымызда зейнетақы жинағын шешіп аларлықтай азаматтарда қор жеткілікті ме деген мәселе бар. «Зейнетақы жинағының жеткілікті болуы немесе болмауы» деген мәселені ескеру керек. Яғни, біздің жинаған ақшамыз қартайғанда жоқ дегенде минималды мөлшердегі зейнетақыны алып отыруға жетуі тиіс. Ол сома шамамен ер адамдарға 11 миллион теңге, әйелдерге 13 миллион теңге көлеміндегі қаражат. Егер дәл осы аталған сомадан артық ақша жинаған адамдар зейнетақының бір бөлігін шешіп алуға құқылы болса, олардың дәл қазіргі табысы жоғары деген сөз. Ал менің ойымша, бүгінгі таңда керісінше, бұл ұсыныс табысы төмен отбасылар үшін қолданылуы керек деген ойдамын», - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Министр өз сөзінде БЖЗҚ-да 10 миллион адамға тиесілі 10 трлн теңге зейнетақы қоры барын атап өтті.

«Орташа алғанда әр адамға 1 миллион теңгеден (...) Әлбетте, аталған жағдайда барлық тәуекелдерді есептеп алу керек. Себебі, зейнетақы жинағы – қартайғанда пайдаға жарайтын сома. Бүгін оның бәрін шешіп алып, ертеңге ештеңе қалдырмаған жарамайды. Әртүрлі нұсқа баршылық. Маңызды есепті жүргіземіз деген ойдамын», - деді Біржан Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке азаматтардың зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсауын реттеуді тапсырған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар