21 шіл, 2018 сағат 12:46

Еңбек демалысында жүрген Байбек Денис Теннің туыстарына хат арқылы көңіл айтты

Алматы әкімі Бауыржан Байбектің еңбек демалысында болуына байланысты Денис Тенмен қоштасу рәсімінде оның туыстарына хат арқылы көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хатты бүгін спортшымен қоштасу рәсімінде Алматы қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сұлтанбек Мәкежанов оқып берді.

«Бұл біздің барлығымыз үшін орны толмас өкініш. Денистің туған-туыстарының қайғысына ортақпын. Ол өзінің еңбекқорлықы мен табандылығы арқылы өскелең ұрпаққа үлгі болып келе жатқан дарынды спортшы, нағыз патриот азамат еді. Денис біздің жадымызда қашанда жарқын мінезді, мейірімді азамат ретінде қалады», - делінген Алматы әкімінің хатында.

Айта кетейік, Алматыда танымал спортшы Денис Тенмен мен қоштасу рәсімі өтті

Алматылықтар оны ақтық сапарға ерекше сый-құрметпен шығарып салды.