03 там, 2018 сағат 14:06

Эмир Байғазин түсірген фильмнің тұсаукесері Румынияда өтеді

Тамыз айының 6-ы мен 12-і аралығында Румынияның Сфынту-Георге қаласында өтетін Anonimul фестивалінде Эмир Байғазиннің «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ақ-қара түсте түсірілген мелодрама (жұмыс атауы «Қала үстінде»/«Над городом») фестивальдің жабылу салтынатында көсетіледі. Сондай-ақ Anonimul фестивалінде «Асланның сабақтары» және «Төрт оқиға» фильмдерінен кұралған Эмир Байғазиннің ретроспективасы өтеді. Бұл көрсетілімдер қазақстандық режиссердің «әлемдік кинематографтың сұлулығына» қосқан үлесі үшін арнайы ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің «Кино саласының дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесін бұрындары Пак Чхан-ук (Оңтүстік Корея), Иштван Сабо (Венгрия), Мишель Франко (Мексика) сынды режиссерлер иеленген.

«Биыл әлем кинематографиясының жан-жақты сұлулығына қосқан үлесі үшін жүлдені Эмир Байғазинге бергелі отырмыз. Соңғы бес жыл ішінде біз оның шығармашылығын қызыға қадағалап жүрміз. Оның фильмдері бізді шабыттандырып, күш-қуат береді», - деді Anonimul кинофестивалінің директоры Мируна Береску.

«Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмінің түсіру жұмыстары Алматы қаласында өткен. Фильмде сауда орталығының бірінде фаст-фуд қызметшісі болып істейтін жігіттің жасы үлкен әйелмен танысуы туралы баяндалады. Ұзақ уақытқа созылған кастингтің нәтижесінде басты рөлдерге әуесқой актерлер Татьяна Сим мен Бауыржан Нүркеев бекітілген.

Аталған киножобаға сценарий жазу кезінде голландиялық Hubert Bals Fund атты қоры қолдау білдірген. Картинаның музыкасын Александр Влазнев жазған. Эмир Байғазин бұл фильмде продюсер қызметін де атқарған.

Anonimul Халықаралық авторлық фильмдердің фестивалі Дунай сағасында осымен 15-рет өткізіледі. Оның тұжырымдамасы – жас көрермендер аудиториясы, табиғатпен етене болу және формалды ойлаудан бас тартуға бағытталған. Фильмді фестивальдің көрермендеріне Эмир Байғазинмен бірге картинаның қоюшы суретшісі Айдана Қожагелдина таныстыратын болады.

Естеріңізге сала кетсек, Эмир Байғазиннің Аслан туралы трилогияның соңғы бөлімі – «Өзен» фильмінің әлемдік тұсаукесері 75-ші Венеция кинофестивалінде өтеді.