02 жел, 2019 сағат 10:59

Елжан Біртанов ақтаулық дәрігерге қолдау көрсетті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында әлеуметті желі арқылы пациенттерге барынша сыпайы болуды өтінген ақтаулық дәрігерді қолдап жазба қалдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған дәрігердің медицина қызметкерлерінің ауыр жұмысына түсіністікпен қарауды өтінген жазбасы Instagram-дағы қалалық пабликтердің бірінде жарияланған еді.

«Қымбатты әріптес, сіздің жазбаңызды оқып, қиын болғанымен адамдар үшін өте қажетті жұмыста кәсібіңізге деген адалдығыңыз үшін ризашылық білдіргім келеді. Өзім де білемін, кейбір пациенттердің сөздері мен әрекеті өте ауыр әрі көңілге қаяу түсіретіндігі бар. Дегенмен сіздің қатігездік пен ашу танытпастан медицинадағы жұмысыңызды жалғастыратындығыңызға сенімдімін. Өйткені сіз өз мамандығыңызға жан-тәніңізбен берілгенсіз. Демек, сіз біздің медицина барлық уақытта қажетсінетін, барлық уақытта адамдарға қажет мамансыз. Сізге шыдамдылық, ең бастысы мықты денсаулық тілеймін. Өзіңізді, әріптестеріңізді сақтаңыз. Сіз адамдарға қажетсіз», - деп жазды Денсаулық сақтау министрі.