17 мам, 2019 сағат 08:53

Елорданы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді

Биыл Нұр-Сұлтан қаласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ХІІ Астана экономикалық форумы барысында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл елорданың қарқынды өсуімен байланысты сын-тегеуріндерді, қала аумағының әркелкі дамуын және бүкіл әлемнен таланттарды тартуды ескеретін 2050 жылға дейінгі  Нұр-Сұлтан қаласын дамыту стратегиясын әзірлейміз. Стратегиясы мақсаты - тіршілік тартымдылығы мен барлығына арналған жұмыс, жаһандық бәсекеге сай әрі тұрақты экономика сынды сипаттамаларды қамтитын жаһандық деңгейдегі қала құру. Және түптеп келгенде ең алдымен саяси Еуразиялық жаһандық хабқа айналады», - деді елорда әкімі «Жаһандық жібек жолы - қала мэрлерінің форумы» сессиясы барысында.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан қаласы  бүкіл әлемдегі ниеттестерімен өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейту және нығайту саясатын жалғастыратындығын айтты.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанның 32 елде 47 бауырлас және серіктес қаласы бар. Олардың 29-ы астаналар.  Біз олардың әрқайсысымен екіжақты, сондай-ақ көпжақты қарым-қатынас аясында өзара тиімді кооперацияны дамытуға тырысамыз», - деді ол.

Сондай-ақ, елорда әкімі жаһандық қалалар арасында инвестиция, таланттар, туристер және кәсіпкерлер үшін тұрақты бәсекелестік жүріп жатқанын тілге тиек етті.

«Бүгінде жаһандық қалалар арасында инвестиция, таланттар, туристер мен кәсіпкерлер үшін тұрақты бәсекелестік жүріп жатыр. Осынау күресте ең жақсы мүмкіншілік ұсынған ғана жеңіске жетеді. Бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін біз өңірімізде тіршіліктің жоғары сапасын қамтамасыз етуге тиістіміз. Өйткені, адамдар бизнесті жеңіл жүргізіп, қауіпсіз әрі жайлы өмір сүретін жерде жұмыс істегенді қалайды. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана әрі көреген саясатының арқасында қаламыз айтарлықтай табысқа қол жеткізіп отыр. Дамудың 20 жылының ішінде елорда бет-бейнесі түбегейлі түрленді және бүгінде әкімшілік, коммерциялық және қоғамдық кеңістік үйлесімде түйіскен заманауи, тартымды және қарқынды дамушы мегаполист мәртебесіне сай келеді», - деді Сұлтанов.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта елордада республиканың жалпы ішкі өнімінің 11 пайызы өндіріліп, елдегі негізгі капиталдың 10 пайыз инвестициясы қалыптасады. Осы жылдар ішінде қаланың жалпы өңірлік өнімі шынайы мәнде 6 есе өсіп, шамамен 17 млрд долларға жетті. Елорда экономикасына 9 трлн теңге капитал салынды. Инвестицияның  жылдық көлемі 55 есеге артты. Бұл 3 млрд доллардан астам қаражатқа тең. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының экономикасы өзіне жеткілікті. Жалпы өңірлік өнімінің 55 пайызы кәсіпкерлік сектор есебінен қалыптасады. Әрбір үшінші елордалық кәсіпкерлікпен айналысады. Соған сәйкес бюджетке салықтық түсімдердің жартысынан көбі кәсіпкерлердің үлесіне тиесілі.

«Әрбір мемлекеттің елордасы оның «визиттік картасы» саналады. Нұр-Сұлтан қаласының елордалық мәртебесі оның мемлекеттегі рөлімен байланысты көптеген міндеттерді шешуді талап етеді. Біз барлық уақытта да өңірлік ықпалдастық үшін жемісті іскерлік ынтымақтастықты жақтаймыз. Тарихи тұрғыда Шығыс пен Батыстың арасында экономикалық көпір болып, тек сауда немесе көліктік қызметті ғана емес, сонымен бірге кең ауқымды гуманитарлық және мәдени миссияны орындаған Ұлы Жібек жолын өрлетуге ұмтыламыз», - деді ол.

New layer...