#
#
Жұма 22/11/2019

Елордалықтар жолақыны банк карталарымен төлей алады

  • 09.10.2019
  • 0
  • 159

Astana LRT қоғамдық көліктердегі жолақыны Visa банк карталары арқылы төлеу мүмкіндігін енгізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз 20-бағдарда жолақысын Visa банк карталары арқылы төлеу мүмкіндігін енгіздік. Бұл астаналық қоғамдық көліктің тұрақты пайдаланушылары үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан өңірлерінен және шет елдерден келген қонақтар үшін де қолайлы, өйткені көлік картасын сатып алу қажеттілігін болдырмайды, туристерге олар үшін әдеттегі халықаралық карталардың көмегімен төлеу мүмкіндігін береді», - делінген компанияның facebook-тегі парақшасында.

Аталған жоба әзірге тестілік режимде іске асырылды және қоғамдық көліктің №20 қалалық бағдарында жұмыс істейтін болады.

«Банк картасымен төлеу кезіндегі сапардың құны қолма-қол ақшасыз төлеудің басқа тәсілдері кездегідей – 90 теңгені құрайды. Комиссия алынбайды. Алайда Visa картасын пайдаланушылар үшін акция басталды. Банк картасымен төлеген кезде бір сапардың құны небәрі 45 теңгені құрайтын болады», - дейді Astana LRT.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар