18 сәу, 2019 сағат 16:11

Елордалықтар өз есімдері жазылған көше орындықтарын орнатып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары жеке қаражаттары есебінен өз есімдері жазылған көше орындықтарын орнатып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарателорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, орындықтарды сыйлық ретінде де орнатуға болады.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда иесі жазылған орындықтарды орнату жобасы әлі де жалғасады.

«Қаланың кез келген тұрғыны немесе ұйымы атаулы тақтайшасы бар демалуға арналған орындықты орнату мүмкіндігіне ие. Сарыарқа ауданының әкімдігі сіздерге жағажай, саябақтар және аудан көшелерінен орын ұсына алады», - делінген хабарламада.

Жоба кураторы, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жасұлан Бағисов атап өткендей, бүгінде аудан аумағында сегіз мыңға жуық атаулы орындық бар. Оларды ұйымдар мен жеке тұлғалар орнатқан. Мұндай отырғыштарды біреулер - қалаға, тағы біреулер досының туған күніне сыйлауда. Осындай әдіспен ғашықтық сезімін білдіріп жатқандар да бар екен.