#
#
Жұма 05/06/2020

Елордалықтар бүгіннен бастап коронавирусты жедел анықтайтын тестілеуден өтеді

  • 08.04.2020
  • 0
  • 138

Коронавирусты жедел анықтайтын тест елордаға жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Дәл қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласына жедел тест жеткізілді. Жедел тестілеу Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қатаң жүргізіледі. Ең бірінші кезекте коронавирус індеті таралуының алдын алу жұмыстарына жұмылдырылған мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың қызметшілері, медициналық-санитарлық ұйымдардың бақылауында тұрған диспансерлік топтағы тұлғалар мен медицина қызметкерлері тестілеуден өтеді. Бұл жұмыстар бүгіннен басталады»,- деді Сәуле Қисықова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР