21 қар, 2019 сағат 06:27

Елордалық кәсіпкер зауыт салуға жерді жалға алып, сатып жіберген

Елордалық кәсіпкер зауыт салу үшін жалға жер алып, оны сатып жіберген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Н.» ЖШС директоры елордаға жақын маңда зауыт салу үшін 5 жыл мерзімге 1,5 гектарлық жерді пайдалануға алған. Осыдан кейін сотталушы жалға алған жердің мақсатты түрде пайдалануы керектігін біле тұра, Olx.kz сайтына 2 млн теңгеге 10 сотық жер сататынын жазып, хабарландыру берген», - деп мәлем етті Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Осылайша, бөлінуге жатпайтын жер учаскесінде тұрғын үй салуға болмайтынын біле тұра, екі азаматпен сату-сатып алу туралы алдын ала келісімшарт жасасып, олардың ақшасына ие болған. Материалдық шығын 7 200 000 теңге болғаны хабарланып отыр.

«Алматы аудандық №2 сотыны үкімімен «Н.» ЖШС директоры алаяқтығы үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, ол материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды иелену құқығынан 5 жыл мерзімге шектелді. Азаматтық арыз қанағаттандырылып, сотталушыдан 7 200 000 теңге өндіріліп алынды. Үкім заңды күшіне енді», - деді қалалық соттан.